Қостанайлық «Тобылдың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін команда Қостанайға оралады.

Анталиядағы оқу-жаттығу жиынында «Тобыл» Winter Cup-тың күміс жүлдегері атанып, Түркияда өткен Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.