«Барыс» хоккейшілері ҚХЛ тұрақты чемпионатының соңғы матчында «Сибирь» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дүйсенбі күні Астанада өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Екінші кезеңде жалғыз голды Аркадий Шестаков соқты.

Екі команда да Шығыс конференциясында плей-офф кезеңіне өте алмады. «Сибирь» чемпионатты 67 ұпаймен 10-орында аяқтаса, астаналықтар 50 ұпаймен кестені түйіндеді.