18 жас және одан кішілер арасында ITF әлемдік рейтингі жаңартылды. Қазақстандық жасөспірімдерден 17 жастағы Әмір Омарханов 18-ден 12-орынға көтерілді. Бұл – ұл балалар арасында Қазақстан теннисі тарихында ең үздік көрсеткіш, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жасөспірімдерден тек Ирина Селютина 1997 жылы әлемнің 7-ракеткасы атанған болатын.Күні бүгін Даниал Рахматуллаев 67-ден 65-ке орнықса, Виталий Зацепин – 125 (- 11), Ілияс Маратұлы – 145 (- 7), Заңғар Нұрланұлы 184-сатыда (- 3) тұр.

Қыздар арасында Асылжан Арыстанбекова 53-тен бірден 38-ге, Соня Жиенбаева 68-ден 45-ке жоғарыласа, Айя Нұпбай – 168 (- 5), Полина Слепцова – 212-орында (- 2) келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде төртінші орнын сақтап қалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық жас теннисшілер халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанды.

Қазақстандық Дмитрий Попко дүниежүзілік рейтингіде 16 сатыға жоғарылады.