Legalbet.kz сайтына белгілі болғандай, Қырғызстан құрамасының 27 жастағы орталық жартылай қорғаушысы Одилжон Абдурахманов «Ақсу» командасымен бір жылдық келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Transfermarkt жартылай қорғаушыны 200 мың еуроға бағалап отыр.

Жартылай қорғаушы 2024 жылдың қаңтарында «Мақтааралмен» келісімшарты аяқталғаннан кейін еркін агент атанды. 2022 жылдың жазынан бері Абдурахманов Атакент командасы сапында ҚПЛ-да 25 ойын өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Футболшы қырғызстандық «Алдиер», «Алай» және өзбекстандық «Бунёдкор» командаларында ойнаған.

Абдурахмановтың еншісінде Қырғызстан құрамасы сапында 34 кездесуде екі гол бар.