Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Тенерифедегі турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тәжірибелі қазақстандық теннисші іріктеудің финалында франциялық Лоран Локолимен кездесті.

Айта кетейік, бірінші сетте Кукушкин 4:1 есебімен алға шыққан кезде қарсыласы кездесуді жалғастырудан бас тартқан.

Матч 23 минутқа созылды.

Осылайша, Кукушкин турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды.