Павлодарлық «Ақсу» сапына қаралымға македондық Никола Богдановский мен Александр Мишов келді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Шабуылшы Никола Богдановски бұған дейін сербиялық «Радник», «Нови Пазар», «Безания» және «Зарково» командаларында өнер көрсеткен. Ойын мансабында барлығы 177 матч өткізді, онда ол 10 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.

Жартылай қорғаушы Александр Мишов Македонияның «Тиквес», «Бреру», сондай-ақ грузиялық «Самтредия» үшін өнер көрсетті. Барлығы 25 жастағы футболшы 123 матч өткізіп, 26 гол соғып, 10 ассист берді.