Бакуде өткен батуттағы гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық гимнастар күміс медаль иеленді, деп жазады Olympic.kz.

Құрама мүшелері Данил Мұсабаев пен Пірмаммад Әлиев финалда 50.520 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді.

Алтын медальді Қытай спортшылары (51.090), қоланы АҚШ құрамасы жеңіп алды.

Айта кетелік, әлем кубогы кезеңдерінде Париж Олимпиадасына жолдама беруде есепке алынатын рейтингілік ұпайлар сарапқа салынады.