Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге, Мексиканың Лос-Кабос қаласында өтіп жатқан ATP жұптық турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шешуші ойында Недовесов пен Эскобар австралиялық Макс Персел мен Джордан Томпсоннан екі сетте 5:7, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.

Осы аптада Александр мен Гонсало Акапулькода мексикалық ATP 500 турнирінде ойнайды.