Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Лилльде (Франция) өткен турнирде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу турнирінің бірінші кезеңінде Жұқаев италялық Марчелло Серафинимен кездесіп, 4:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.Айта кетейік, Лилльдегі Челленджердің жүлде қоры 120 950 еуро. Турнир жеңімпазы 16 550 еуро алады, және 100 рейтингтік ұпайға ие болады.