«БАӘ турының» 7-кезеңінің қорытындысы белгілі болды, пелотон 161 шақырымды бағындырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңді Lotto Dstny командасынан бельгиялық Леннерт Ван Этвельт жеңіп алды. Екінші орынды испаниялық шабандоз Пельо Бильбао (Bahrain - Victorious) иеленді. Үздік үштікті Decathlon AG2R La Mondiale командасының австралиялық велошабандозы Бен О'Коннор түйіндеді.

«Астана» шабандозар арасындағы үздік нәтижені 17-болып мәреге жеткен Харольд Мартин Лопес көрсетті.