2024 жылғы Қазақстан Суперкубогын ел чемпионы «Ордабасы» мен кубок иегері «Тобыл» сарапқа салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биыл Суперкубок матчы Түркия жерінде өтті. Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ал пенальти сериясында қостанайлық клубытың жолы болды.

ҚР Суперкубогы.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Тобыл» (Қостанай) – 1:1, пенальти сериясы 4:5 (1:0, 0:1)

Гол соққандар: Макаренко, 45+1 (1:0), Младинович, 65 (1:1)

Төреші: Сариев (Орал)

25 наурыз. Анталия. «Мардан Палас» стадионы.