Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Польша астанасы Варшавада өтіп жатқан Еуропа кубогінің қола жүлдегері атанды.

Ол 60 келі салмақта барлығы бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Жұбаныш финалында отандасымыз грузиялық Тома Гелашвилиді жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетерлігі, Варшавада ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Еуропа кубогіне 37 елден 500-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр.