Сербияның Белград қаласында бокстан ересектер арасында өтетін «Белград жеңімпазы» атты халықаралық турнирде қазақ боксшылары да жұдырықтасады, деп жазады Olympic.kz.

«Белград жеңімпаздары» турнирі 12-18 наурыз аралығында өтеді.

Қазақстан атынан төмендегі боксшылар сынға түседі:

48 келі: Ернұр Қайрат

51 келі: Санжар Тәшкенбай

54 келі: Дәулет Молдашев

57 келі: Оразбек Асылқұлов

60 келі: Жексен Бейбарыс

63,5 келі: Ерасыл Таңқай

67 келі: Дулат Бекбауов

71 келі: Сабыржан Аққалықов

75 келі: Диас Молжігітов

80 келі: Ерасыл Жақпеков

86 келі: Темірлан Мұқатаев

92 келі: Данияр Рахымбердиев

+92 келі: Дамир Тойбай