Ирак астанасы Бағдадта садақ атудан Азия кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды.

Құрама садақ атудан Ақбарәлі Қарабаев, Шамиль Сагутдинов және Бунед Мирзаметов бар қазақстандық құрама ирактықтардан басым түсті. Ұпай: 227-215.

25 ақпанда олимпиадалық пәндер – классикалық садақ ату бойынша жеке және командалық есепте жарыстар өтеді.