Жексенбі, 25 ақпанда Анталияда (Түркия) Қазақстан Суперкубогы үшін ойын өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ордабасы» - «Тобыл» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 18:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптада «Ордабасы» мен «Тобыл» ҚКФЛ қысқы кубогының финалында кездескен болатын. Негізгі уақытта командалар жеңімпазды анықтай алмаса, «Ордабасы» пенальтиде 7:6 есебімен жеңіске жетті.