Қарағандылық «Шахтер» өткен маусымдардағы ойыншылар мен жаттықтырушылар алдындағы қарызын толығымен өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) клубтан трансфер шектеуді алып тастады.

«Шахтер» жаңадан келген ойыншыларды жақын арада маусымға жариялай алады.

Қазіргі уақытта команда Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтап, ҚПЛ бірінші тур ойынына дайындалып жатыр.