Уганда Республикасының астанасы Кампалада бадминтоннан өтіп жатқан Uganda International 2024 халықаралық турнирінде қазақстандық спортшы Дмитрий Панарин қола жүлде жеңіп алды.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ұлттық құрама көшбасшысы іріктеуден сүрінбей өтіп, ширек финалда Тобиас Куэнциден басым түскен. Алайда жартылай финалда Үндістан спортшысы Рагху Марисвамиден 3 партияда жеңіліп қалып, қола жүлдені қанағат тұтты. Алайда осы қола медалінің арқасында жерлесімізге олимпиадалық рейтингіде ұпай қосылады.

Uganda International 2024 жарысының жалпы жүлде қоры – 15 мың АҚШ доллары. Биыл турнирге 49 мемлекеттен 500-ге жуық бадминтоншы қатысып жатыр.