Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы 4-12 наурыз күндері Италияда өтетін лицензиялық жарысқа дайындалып жатыр, деп жазады Olympic.kz.

7-28 ақпан аралығында «Алматау» спорт кешенінде оқу-жаттығу жиынында құраманың бірінші нөмірлі спортшылары дайындалуда.

Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың бақылауымен күніне екі рет жаттығу өткізіледі. Жиын аяқталған соң, 29 ақпан күні Қазақстан құрамасы Италияға ұшады.

Лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар:

51 келі: Сәкен Бибосынов

57 келі: Махмұд Сабырхан

63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

71 келі: Асланбек Шымбергенов

80 келі: Нұрбек Оралбай

92 келі: Айбек Оралбай