Алматыда өткен Naiza 57 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов пен (15-9) АҚШ өкілі Кливленд Маклин (17-11) кездесті.

Жалғас Жұмағұлов жекпе-жек барысында аяғын сындырып алғанына қарамастан айқасты соңына дейін өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.