Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров Нидерланд Корольдігінің Тильбург қаласында өткен Challenge Cup турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Михаил кеше қысқа бағдарламада 85.75 балл жинап, 2-сатыға жайғасқан. Бүгін еркін жаттығуда жинақы өнер көрсетіп, 270.59 ұпаймен суырылып алға шықты. Жалпы есепте - 256.34 балл жинап, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді.

Күміс медаль 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 3-орын алған Тацуя Цубоидың (Жапония) еншісінде кетсе, қола тағы бір жапондық мәнерлеп сырғанаушы 2022 жылғы 4 құрлық чемпионатының күміс жүлдегері Казуки Томоноға бұйырды (251.61 балл).

Бұл турнирге барлығы 32 мемлекеттен 157 спортшы қатысты.