Футзалдан Қазақстан чемпионатының матчында «Ақтөбе» Рахметтен басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 5:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жеңімпаздар арасынан Егор Нулет (дубль), Нұрбек Қарағұлов және Хади Ахмади (дубль) гол соқты. Жеңілген команданың жалғыз голын Нұрқанат Бақтияров соқты.

Естеріңізге сала кетейік, қарымта кездесу ертең өтеді. Ойын Астана уақытымен 16:00-де басталады.