Қазақстандық боксшылар Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиынында, Италияда өтетін лицензиялық турнирге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жиын 17-28 ақпан аралығында «Алматау» базасында өтетінін хабарлады. 29 ақпанда команда Италияға ұшады, 3-12 наурыз аралығында лицензиялық турнир өтеді.

Париж Олимпиадасының жолдамасына таласатын боксшылар:

Сәкен Бибосынов (51 келі);Махмуд Сабырхан (57 келі);Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі);Асланбек Шымбергенов (71 келі);Нұрбек Оралбай (80 келі);Айбек Оралбай (92 келіге дейін).