Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге Мексикада өтіп жатқан ATP турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан-эквадор жұбы жартылай финалда Гвидо Андреоцци (Аргентина)/Мигель Анхель Рейес-Варела (Мексика) жұбын екі сетте ұтты – 6:2, 6:3.

Бұл Недовесов үшін 2024 жылғы маусымдағы алғашқы финал.Олардың финалдағы қарсыластары әлі анықталған жоқ.

Екінші жартылай финалда австралиялық Макс Пурсел/Джордан Томпсон жұбы мен америкалық-норвегиялық тандем Уильям Блумберг/Каспер Рууд кездеседі.