Бүгін Алматыда Naiza FC 57 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде аралық салмақта Жалғас Жұмағұлов (15-9) пен америкалық Кливленд Маклин (17-11) кездеседі.

Ал негізгі жекпе-жекте Тайлақ Нұража (8-1) мен Дуглас Де Оливейра (13-7) кездседі. Бұдан бөлек негізгі кардта Жұман «Арлан» Жұмабеков (13-7) қырғызстандық Қанат «Тайсон» Келдібековпен (22-9) жұдырықтасады.

Турнир сағат 16:00-де басталады. Тікелей трансляция Sport+ Qazaqstan арнасында қолжетімді болады.