Сенбі, 24 ақпанда елордалық «Барыс» ҚХЛ аясында Тольяттидің «Ладасымен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады, оны мына жерден көруге болады.

Айта кетейік, «Барыстың» тұрақты маусымдағы екі ойыны қалды.

Елордалық клуб Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы орында тұр.