«Тобыл» футбол клубы италиялық шабуылшы Годберг Куперді қатарға қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Годберг Купер 1997 жылы 20 тамызда Бергамо провинциясында (Италия) дүниеге келген, «Аталанта» клубының академиясында тәлім алған.

Купер мансабын италиялық «Аврора Сериат» клубында бастады. Содан кейін бірнеше жыл шабуылшы Албания, Македония және Португалия чемпионаттарында өнер көрсетті. Ойыншының соңғы клубы румыниялық «UTA Arad» болды.