Тректегі велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі kcfkz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасында Рината Сұлтанова көзге түсіп, із кесу жарысында қола жүлдегер атанды.

Жасөспірім Данияр Шаяхметов 1000 метрлік жарыста күміс медаль иеленді.