Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2025 жылғы Азия кубогына іріктеу кезеңінде Үндістанды жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Астанада өтіп, 63:50 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, кездесудің ең нәтижелі ойыншысы 18 ұпай жинаған Қазақстан құрамасының ойыншысы Рустам Мурзағалиев болды.

Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпанда Қазақстан құрамасы сырт алаңда Қатарға қарсы ойын өткізеді.

Турнирдің финалдық кезеңі келесі жылы Сауд Арабиясында өтеді. Финалға 16 команда жолдама алады.

2025 жылғы Азия кубогына іріктеу турнирі.

Іріктеу кезеңі, Е тобы, ерлер

Қазақстан - Үндістан 63:50 (13:16, 18:10, 13:7, 19:17)