«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Расмус Хойлунд бұлшық еті жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 жастағы футболшы 2-3 апта бойы алаңға шыға алмайды.

Осы маусымда даниялық футболшы «Манчестер Юнайтед» сапында барлық турнирде 30 матч өткізіп, 13 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.