FourFourTwo порталы футбол тарихындағы ең үздік ұлыбританиялық ойыншылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орынды солтүстік ирландиялық шабуылшы Джордж Бест иеленді. Ол карьерасында клубтар мен ұлттық құрама сапында 501 матч өткізіп, 176 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді. Бест – Англия Суперкубогының екі дүркін жеңімпазы, АПЛ кубогының иегері, Англияның екі дүркін чемпионы, Еуропалық чемпиондар кубогының (Чемпиондар лигасының) жеңімпазы, 1967/1968 жылғы Англия чемпионатының үздік бомбардирі, Англияның үздік ойыншы (1968) және 1968 жылғы «Алтын доп» иегері.

FourFourTwo топтамасының үздік он ұлыбританиялық футболшылар:

1. Джордж Бест.

2. Кенни Далглиш.

3. Роберт (Бобби) Чарльтон.

4. Бобби Мур.

5. Гарет Бэйл.

6. Уэйн Руни.

7. Кевин Киган.

8. Харри Кейн.

9. Джимми Гривз.

10. Джон Чарльз.