Сербияның Белград қаласында бокстан ересектер арасында өтетін «Белград жеңімпазы» атты халықаралық турнирде ел намысын қорғайтын боксшыларымыздың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Бокс федерациясы мәлім еткендей, «Белград жеңімпаздары» турнирі 12-18 наурыз аралығында өтеді.

Аталған турнирде ел намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлері:

48 келі: Ернұр Қайрат51 келі: Санжар Тәшкенбай54 келі: Дәулет Молдашев57 келі: Оразбек Асылқұлов60 келі: Жексен Бийбарс63,5 келі: Ерасыл Таңқай67 келі: Дулат Бекбауов71 келі: Сабыржан Аққалықов75 келі: Диас Молжігітов80 келі: Ерасыл Жақпеков86 келі: Темірлан Мұқатаев92 келі: Данияр Рахымбердиев+92 келі: Дамир Тойбай