Бүгін Алматы қаласында Жалғас Жұмағұлов жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, таразыға тұрды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның салмағы қарсыласынан сәл жеңілірек болып шықты. Отандасымыздың таразыдағы таза салмағы 57,4 келіні көрсетсе, оның қарсыласы Маклинның салмағы 57,6 келі болды.

Айта кетейік, ертең, яғни, 24 ақпан күні «Алматы Арена» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен NAIZA 57 ғаламат турнирі өтеді.

Аталған кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов америкалық Кливленд Маклинмен (17-11) жекпе-жекке шығады.

Сонымен қатар осы жекпе-жек аясында қытайлық Тайлақ Нұражы (8-1) және Дуглас Де Оливейра (13-7) арасында, Жұман «Арлан» Жұмабеков (13-7) пен қырғыз жауынгері - Қанат «Тайсон» Келдібеков (22-9) арасындағы айқастар өтеді.