Қазақстандағы жаңа UNDERDOG MMA промоушені жеңіл салмақта Гран-придің ширек финалындағы әсерлі сәттерді жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ескі мектеп форматындағы турнирдің екінші кездесуінде Бахрейн өкілі Курбан Идрисов (1-0) пен қазақстандық дебютант Роман Талайбеков кездесті.

Еске салайық, турнир ережесі бойынша файтерлер барлық жекпе-жегін бір кеште өткізеді. Кеш нәтижесінде чемпион анықталып, ол 2 200 000 теңге еншілейді және рекордына үш жеңіс қосылады.

Жобаның қонақтары әрі сарапшысы ретінде Қуат «Найман» Хамитов, ММА шоумені Камариддин «Камил Карате» Хасанов, UFC файтерлері Азат Мақсұм, Бекзат Алмахан және Михаил Краймер (Вестник ММА) шақырылды.

Гран-при видеосын UNDRDGMMA youtube-каналынан қарауға болады.

Бас серіктес: Parimatch

UNDERDOG MMA сусыны: Gorilla Energy

Powered by UNDERDOG