Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы ескі стадион ақыры бұзылатын болды. Қала әкімдігі оның орнына жаңасын салмақшы. Нысанның төбесі жабық болады деп хабарлады қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері.

Белгілі болғандай, ескі стадионның жанкүйерлер отыратын бөлігі құлауға жақын тұр.

«Осыған байланысты жөндеу жұмыстарының орнына нысанды толықтай сүріп, орнына жаңа стадион салу жоспарланып отыр. Төбесі жабық нысан салу шешімі қабылданды, қазір жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген басқарма таратқан ақпаратта.