Ресейлік теннисші Андрей Рублев Дохадағы ATP 250 турнирінің ширек финалында 18 жастағы чехиялық Якуб Меншиктен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1 сағат 38 минутқа созылған кездесу 6:4, 7:6 (8:6) есебімен әлемнің 116-ракеткасының пайдасына аяқталды.

Жартылай финалда Меншик франциялық Гаэль Монфис/Уго Хумберт арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

АТР 250. Доха (Қатар). Жекелей сын. 1/4 финал

Андрей Рублев (Ресей) — Якуб Меншик (Чехия) — 4:6, 6:7 (6:8)