Бүгін ұзындығы 173 шақырымды құрайтын жыл сайынғы «БАӘ туры» көпкүндік шоссегі веложарыстың төртінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңнің жеңімпазы Soudal - Quick Step шабандозы бельгиялық Тим Мерлир болды. Екінші орынды Tudor Pro Cycling Team командасының голландиялық велошабандозы Арвид Де Клейн алды. Үздік үштікті Team Visma | Lease a Bike командасынан Улав Коэй түйіндеді.

«Астана» командасының ресейлік шабандозы Глеб Сырица мәреге 15-болып жетті.

БАӘ туры. Төртінші кезең. Дубай - Дубай (173 км)

1. Тим Мерлир (Soudal - Quick Step) - 4:01:472. Арвид Де Клейн (Tudor Pro Cycling Team) +,,3. Улав Коэй (Team Visma | Lease a Bike) +,,...15. Глеб Сырица («Астана») +,,

Жалпы есеп

1. Джей Вайн (UAE Team Emirates) — 11:41:312. Бен О’Коннор (Decathlon AG2R) +0:113. Брэндон Макналти (UAE Team Emirates) +0:13...17. Мартин Лопес («Астана») +1:03...126. Глеб Сырица («Астана») +23:36Фото: Tim de Waele / Staff / Velo / Gettyimages.ru