Минскіде ХХ мерейтойлық жасөспірімдер арасындағы футболдан «Даму кубогы-2024» халықаралық турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы турнирдегі үшінші ойынын өткізді. Қарсыластары Тәжікстан U17 құрамасы болды.

Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен қатарластарынан басым түсті.

Қазақстан U-17 – Тәжікстан U-17 2:0

Голдар: Дастан Сәтпаев 57, Алдияр Нұрғали 77

Естеріңізге сала кетейік, кейінгі ойында Қазақстан Беларусь U16 құрамасынан 0:4 есебімен жеңілген болатын.

Фото: ҚФФ