Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек келесі жекпе-жегінің өтетін күнін жариялады.

- Мен 1 наурызда рингке қайта шығамын, – деп жазды Сұлтан Заурбек Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Брайтонда (Англия) өткен бокс кешінде Сұлтан Заурбек жеңіліп көрмегенаргентиналық Серхио Мартин Созаны (13-3, 3 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірген болатын.