Атакенттің «Мақтаарал» клубы 26 жастағы қорғаушы Диержон Арипов пен 24 жастағы жартылай қорғаушы Мейрамбек Серікбаймен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, Әріпов Атакент клубында 2014 жылдан бері, ал Серікбай 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

«Мақтаарал» құрамында Диержон кейінгі екі маусымда Премьер-лигада 26 кездесу өткізсе, Мейрамбек 18 кездесуге қатысты.