«Атыраудың» нигериялық бұрынғы шабуылшысы Нсунгуси Эффионг Өзбекстанның «Нефтчи» командасына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нсунгуси Эффионг кәсіпқой мансабын 2020 жылы ганалық «Интер Эллайс» клубында бастады. Ол сонымен қатар Данияның екінші дивизионындағы «Кёге» клубында ойнады.

2023 жылғы маусымда «Атырау» сапында ойнап, барлық турнирлерде 31 матчта алаңға шығып, 9 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.