23 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Артур Мурза астаналық «Жеңісте» сынақтан өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы елордалық клубпен Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында жаттығып жатыр.

Бұған дейін украиналық «Қызылжар» сапында өнер көрсетіп, өткен маусымды «Ақсуда» өткізген.

Жалпы, жартылай қорғаушы павлодарлық клуб сапында 10 матч өткізіп, онда гол соққан жоқ.