Қазақстандық теннисші Александр Недовесов эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге Лос-Кабостағы жұптық турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде Недовесов/Эскобар жұбы Д.Идальго (Эквадор)/К.Родригес (Колумбия) жұбын 6:2, 6:4 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.

Турнирдің ширек финалында Қазақстан-Эквадор жұбы матчтың жеңімпазы С.Гонсалеспен /Н.Скупски – Р.Пачеко/Д.Шварцманмен ойнайды.