Қазақстандық теннисші Александр Бубликтің Дохадағы (Катар) турнирінде жұптық сайыста жоспарланған кездесуі өтпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түні Бублик Нидерланды өкілі Ботик ван де Зандшульппен дуэтте 1/8 финалда Юки Бхамбри (Үндістан) / Робин Хасе (Нидерланды) жұбымен кездесуі керек еді, бірақ қазақстандық және оның серіктесі турнирден бас тарту туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде Бублик пен ван де Зандшульптың орнын неміс теннисшісі Андреас Миес пен австралиялық Джон Патрик Смит басты.

Айта кетейік, Александр Бублик Дохадағы турнирде жекелей өнер көрсетуді жалғастыруда: ол ширек финалға дейін жетті, онда австралиялық теннисші Алексей Попыринмен (46-орын) ойнайды.