Бүгін Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Дубайда WTA 1000 сериясындағы турнирдің ширек финалына шығу үшін матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің төртінші ракеткасы бүгінде WTA рейтингінде 53-орында келе жатқан польшалық Магдалена Френхпен кездесті. Рыбакина бұл матчта қарсыласына бір сет беріп қойды, бірақ жеңіске жете алды. Матч 7-6 (7-5), 3-6, 6-4 есебімен аяқталды.

Еске салайық, Елена турнирді екінші айналымнан бастап, беларусьтік Виктория Азаренконы жеңді. Азаренко жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартқан болатын.