Жұптық сындағы Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина қытайлық Чжан Шуаймен жұптасып, Дубайдағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Анна Чжанмен жұптасып, Габриэла Дабровски

(Канада) / Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия) дуэтінен жеңіліп қалды.

Матч 7:5, 2:6, 6:10 есебімен аяқталды.