Еуропалық OG ұжымы Counter-Strike 2-ден PGL Major Copenhagen 2024: European RMR B турнирінде даниялық ECSTATIC командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Inferno картасында өткен матч 11:13 есебімен аяқталды.

Масей F1KU Миклаштың командасы турнирде екінші рет жеңіліп қалды.

Ал ECSTATIC командасы екінші жеңісіне қол жеткізді. Келесі матчта даниялық ұжым мейджорға шығу үшін таласады.

PGL CS2 Major Copenhagen 2024: European RMR B турнирі 19-22 ақпан аралығында Бухарестте өтіп жатыр.