Бүгін фиджитал-хоккейден топтық кезеңнің үшінші жарыс күні өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир Қазандағы Мұз айдынында өтіп жатыр.

Barys Cyber Team командасы жартылай финалға шығу үшін Baltic Select ұжымына қарсы матч өткізді. Кездесуде 6:12 есебімен қазақстандық команда жеңіліп қалды. Қазақстан командасы үшін бұл қатарынан үшінші жеңіліс болды.

Кейінгі матчта Barys Cyber Team ұжымы Quetzales Mexico Na командасынан 11:12 есебімен жеңіліп қалған еді.