Қазақстандық Александр Шевченко Дохадағы турнирде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші турнирдің бірінші айналымында франциялық Ришар Гаскеден 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды.

Айта кетейік, Гаске екінші айналымда іріктеу матчының жеңімпазы - А.Рублевпен (Ресей) ойнайды.