«Атырау» 33 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Педро Эужениомен келісім шартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін жасалған.Португалиялықтың кейінгі клубы «Аль-Адалх» болды.

Айта кетейік, Эуженио бұған дейін «Жетісу», «Тараз» және «Астана» командаларында өнер көрсеткен. 33 жастағы вингер елордалық клуб сапында 2022 жылғы маусымда Қазақстан чемпионы атанды.

Ол Премьер-Лигада барлығы 64 матч өткізіп, 30 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ гол+пас жүйесі бойынша Қазақстан кубогында 9 ойында 6+1 ұпай жинады.