Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу тең есеппен аяқталды – 4:6, 6:2. Үшінші сет басталмай тұрып Азаренка аяғының жарақатына байланысты кездесуден шығып қалды.

Осылайша, Дубайдағы жарыстың келесі кезеңінде Рыбакина WTA рейтингінде 53-орында тұрған польшалық теннисші Магдалена Френхпен кездеседі.

Айта кетейік, БАӘ-дегі турнир 24 ақпанда аяқталады.